Қазақстанда барлық көлік ХҚКО-да 1 маусымға қарай сақтандыру терминалын орнату жоспарлануда

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда барлық көлік ХҚКО-да 1 маусымға қарай «Freedom Finance Insurance» (FF Insurancе) атқарушы директоры Дәулет Ақынжанов сақтандыру терминалын орнату жоспарланып жатқанын хабарлады.
«Терминалдар көлік құралдарын тіркеу орындарында орнатылатын болады. Олар кесте бойынша іске қосылады және 1 маусымға қарай компания оларды барлық көлік ХҚКО-ларда орнатуды жоспарлап отыр», - деді Ақынжанов сейсенбі күні Алматыда компанияның баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл міндетті шешу үшін компанияның 400 сақтандыру терминалдары дайын және оларға шамамен 16 мың QIWI терминалдар қосылады.
Өз кезегінде FF Insurancе директорлар кеңесінің өкілі Тимур Турлов QIWI терминалдар арқылы төлем жасау комиссиясыз болатынын, сонымен қатар электронды полис 1 шілдеден бастап компания сайтында да болатынын жеткізді.
«Терминал сізге түбіртек, сақтандыру сертификатын ұсынады және сізге полисті сатып алғаныңыз жөнінде SMS-хабарлама келеді», - деді Турлов.
Сондай-ақ, Freedom Finance Insurance компаниясының сақтандыру терминалдарының үлгісі, оның айтуынша, клиенттің жеке куәлігін сканерлеуге және есептеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте төлем ретінде тек қолма-қол ақша ғана емес, банк карталары да қолданылады. Полис бланкімен беріледі, ал көшірмесі электронды түрде бірыңғай мәліметтер базасына түседі.

adimage