Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтерлерді бөлу 1 мамырда басталады, деп мәлім етті премьер-министр Асқар Мамин.
«Әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру аясында баспанамен 5 жыл ішінде шамамен 6 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап біз мұқтаж отбасыларға баспана бөлуді бастаймыз», - деді Мамин сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, екі жыл ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдік займын 22,5 мың отбасы алады.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көп балалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй салуға жеті жылға Т350 млрд бөлу жоспарланып отырғанын, оған жыл сайын шамамен 6 мың пәтермен қамту мүмкін болатынын мәлімдеген еді.
«2019 жылға бюджетті айқындау аясында көп балалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына және сатып алуға өңірлерге 50 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Жалпы аталған іс-шараға 7 жыл ішінде 350 млрд. теңге қарастырылған. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, 7 жылда 40 мыңнан астам пәтер беріледі деген сөз», - деп мәлім етті үкімет отырысында Скляр.
Қазақстанда баспанаға мұқтаж көп балалы отбасыларға пәтерлерді бөлу 1 мамырда басталады
