Қазақстанда баспана сатып алуға исламдық қаржыландыру дәстүрлі ипотекаға қарағанда әлдеқайда тиімді

Күні: 18:17, 06-11-2014.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандықтар үшін баспана сатып алуға исламдық қаржыландыру дәстүрлі ипотекаға қарағанда әлдеқайда тиімді болады, деп есептейді исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы  Ерлан Байдаулет.
«Исламдық банкингте кіріс нормасы нақты қосымша құн деп аталатыннан құралады. Кез келген тауар сатып алынады және сатылады. Сауда үдерісіне қатысып отырған барлық тараппен үйлестіріліп тауарға қойылған нақты үстеме баға адал позиция болып табылады. Кәдімгі банктерде әдетте қалай болады: кәдімгі банктер нақты үстеме бағаны алмайды, олар ақшалай үстеме бағаны алады, яғни олар ақша алады, түсінесіз бе», - деді бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Е. Байдәулет.
«Шартты түрде пәтер 100 мың тұрады дейік. Сіз осы бағыттағы институтпен пәтерді сатып алмақшысыз. Бұл институту немесе компания сатып алады да сізбен өзінің пайда нормасы туралы келіседі, яғни, сіздің өзіңіз клиентпен анықтайсыз, бұл өте маңызды. Яғни, олар сіз төлей алатын сомадан артық алмауы керек», - деді ол.  
«Сөйтіп, қанша жыл төлейтініңізді өзіңіз анықтайсыз, айталық, бес жылда, және сізбен уағдаласқан  үстеме кірісті, айталық, 10% - 110 мың төлейсіз. Кәдімгі банк туралы айтсақ, онда, мен дақпырт қылмай-ақ қояйын, кейде, тіпті, қсымша құн салығы ақшалай 100%-ға дейін барады және ол несие сомасына қосылады», - деді Е. Байдәулет.
Оның айтуынша, қазір қазақстандық ұсақ банктер исламдық бактерге өту мүмкіндіктері бар және ол үшін олар кәдімгі банк лицензиясын үкіметке қайтарып, исламдық банк лицензиясын алулары керек. Ол туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы биылғы жыл соңына дейін осындай лицензияны «Заманбанкке» беруі мүмкіндігін айтыпты. «Егер бізде исламдық банктер көптеу болса, біз исламдық қаржыландыруға ірі қатысушыларды тарта аламыз»,-  дейді Е. Байдәулет
Бұл ретте Е. Байдәулет жұмыс істеп тұрған «Аль Хиляль» қазірдің өзінде кірісті болып отырғанын және онда жұмыс істемей жатқан қарыздары жоқ екенін жеткізді. «Қазір ол кіріске шықты, корпоратвитік қаржыландыруда позициясы күшті», - деді ол.  


Жаңалықтармен бөлісу: