Қазақстанда бензин өндірісі қаңтар-маусымда 7,1%-ға өсті

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда бензин өндірісі қаңтар-маусымда 7,1%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен.
«Қазақстанда бензин өндірісі 2020 жылдың қаңтар-маусымында 2,1 млн тонна болған, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 7,1%-ға артық», - делінген комитеттің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, қаңтар-маусымда өндірілгені: газойл – 2,3 млн тонна (-0,8%), пропан және сұйытылған бутан – 1,3 млн тонна (+5,78%), мазут – 1 млн тонна (-35%).

adimage