Қазақстанда берілген кредиттер көлемі 2018 жылдың тоғыз айында Т2 трлн өсті

Күні: 14:55, 25-10-2018.

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда берілген кредиттер көлемі 2018 жылдың тоғыз айында   Т2 трлн өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен (ҚРҰБ).  
«Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы кредит нарығы қалпына келуде деп атап өтті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 айда жаңа несиелер беру көлемі 25,8%- ға немесе 2 трлн теңгеге өсті. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін қоспағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,2%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге бағаланып отыр», - деді бейсенбіде ҚРҰБ төрағасы Данияр Ақышев парламент сенатында.
Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қыркүйекте 12,2%-ға дейін төмендеді.
«Қазақстан Ұлттық Банкінің ағымдағы басымдығы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру болып табылады. Біз Үкіметпен және банктермен бірге өтімділікті беру тетіктерін жедел әзірлеуге дайынбыз. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық бюджеттің өлшемдерін қолдайды және баға тұрақтылығы мен қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдай береді», - деді қаржылық реттеуші басшысы.  


Жаңалықтармен бөлісу: