Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ- Қазақстанда бейсенбі күні жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады. Тек еліміздің шығысында фронтальды бөліктер әсерінен жаңбыр жауады. Елімізде желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі»,- делінген хабарламада.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында да жоғары өрт қаупі күтіледі.
«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі»,- делінген хабарламада.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы +15+17, түнде +5+7 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +21+23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8-10 градусқа дейін түседі.
Шымкентте күн бұлтты болады. Күндіз +27+29 градусқа дейін жетіп, түнде +11+13 градусқа дейін түседі.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 14+19, түнде + 3+8.
Ұлытау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 20+25, түнде + 10+15.
Қарағанды облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз + 12 + 17, түнде + 4+9.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 25+30, түнде +12 + 17.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 25+30, түнде +14 + 19.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 30+35, түнде + 30+35.
Ақтөбе облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 20+25, түнде + 11+16.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 17+22, түнде + 5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 15+20, түнде + 4+9.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 12 + 17, түнде + 3+8.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Германия президентін Бірлік күнімен құттықтады
3 Қазан 2024, 16:41 -
Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын өзгертпек
3 Қазан 2024, 16:26 -
Тоқаев әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
3 Қазан 2024, 16:19