Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
«Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 11 ересек адам мен төрт жасөспірім суға кетті: Астана мен Қостанай облыстарында – бір-бір ересек адамнан, Ақмола облысында – екі ересек пен бір бала, Алматы және Павлодар облыстарында екі ересек адамнан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында бір ересек және бір баладан», - деді Ильин сейсенбі күні үкімет отырысында.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда 1103 адам суға кеткен, оның 321-і балалар.
«Жыл басталғалы 69 адам құтқарылған, оның 15-і бала, суға түсу маусымы басталғалы 11 адам құтқарылды, олардың екеуі бала. Бұл ретте 45 адам суға кетті, оның 14-і кәмелетке толмағандар», - деді министр.
Бүгінгі таңда еліміз бойынша суға түсуге болатын 487 орын белгілі болды: 149 коммуналдық және 338 жеке жағажайлар.

adimage