Қазақстанда бір аптада коронавирустен 76 адам көз жұмды

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ - Қазақстанда бір аптада коронавирустен 76 адам көз жұмды, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
«Қазақстанда 30 маусым 6 шілде аралығында коронавирусты инфекциядан 76 адамның өлімі тіркелді. (…) Адам өлімін тексеру жөніндегі комиссия аталмыш жағдайларды КВИ-ден көз жұмған науқастар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. Сонымен Қазақстан Республикасы бойынша 264 адамның өлімі тіркелді», - делінген хабарда.
ВАК ақпарынша, коронавирусты инфекциядан қайтыс болған 76 адам келесі өңірлерде тіркелген: Шығыс Қазақстан облысында – бір, Қызылорда облысында – бір, Павлодар облысында – бір, Жамбыл облысында – екі, Түркістан облысында – екі, Нұр-Сұлтанда – екі, Алматы облысында – үш, Солтүстік Қазақстан облысында – төрт, Алматыда – төрт, Шымкентте – төрт, Маңғыстау облысында – бес, Атырау облысында – жеті, Батыс Қазақстан облысында – жеті, Ақмола облысында – тоғыз, Қарағанды облысында – 24.

adimage