Қазақстанда бірқатар мектеп директорлары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген, және сол үшін жазаланды

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда бірқатар мектеп директорлары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген, және сол үшін жазаланды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагог көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген. Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында бой алғаны анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.
«Еңбекақысы толық сақталады», - деп атап өтті БҒМ.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 88 жағдайы тіркелген. 25 наурызда белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған екі қазақстандық емделіп шыққан.

adimage