Қазақстанда бір айда теңгемен салынған депозит көлемі 4% азайды

Күні: 12:51, 25-12-2018.

Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда бір айда теңгемен салынған депозит көлемі 4% азайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 017,2 млрд теңгеге дейін 3,8%- ға төмендеді, шетел валютасында 8 796,9 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға ұлғайды», - деп мәлімдеді сейсенбіде ҰБ-нен.
Долларлану деңгейі 2018 жылғы қарашаның соңында 49,4%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 47,7%-ды) құрады.
«Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2018 жылғы қарашада 4 714,4 млрд теңгеге дейін 8,1%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 747,2 млрд теңгеге дейін 13,3%-ға өсті (заңды тұлғалардың депозиттерінің 50,2%-ы). Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 302,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 049,7 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 48,5%-ы)», - делінген хабарда.
Қаржылай реттеушінің ақпарынша, hезиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы қарашаның соңында алдыңғы аймен салыстырғанда 1%-ға ұлғайып, 17 814,1 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 461,6 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 352,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға өсті.
«Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,9%-ға азайып, 11 902,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 047,8 млрд теңгені, шетел валютасымен 5 855,1 млрд теңгені құрады. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 10,6%-ды (11,7%) құрады», - деді қаржылық реттеуші.


Жаңалықтармен бөлісу: