Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 және КВИ белгісі бар пневмониямен 150 адам ауырды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгісі бар (КВИ-) пневмониямен 150 адам ауырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыз бен 27 қазан аралығында КВИ +: аурушаңдық - 110 684 (өткен тәулікте 142), өлім - 1830 (өткен тәулікте бес); 1 тамыз бен 27 қазан аралығында КВИ-: аурушаңдық – 36 931 (өткен тәулікте 10), өлім - 395 (өткен тәулікте біреу)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 3088 адам коронавирустан емделуді жалғастыруда, оның 248-і балалар.
«Стационарларда 2333 науқас бар, амбулаториялық деңгейде - 755. 115 адамның жағдайы ауыр, 10-ы өте ауыр, 16-сы желдеткіште (өкпенің жасанды желдетуі - ҚазТАГ)», - делінген хабарламада.
Қазақстанда COVID-19 дертінен, ресми мәліметтер бойынша 105 766 адам жазылған.

adimage