Қазақстанда бірнеше сағат ішінде екінші жер сілкінісі тіркелді

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандық сейсмологтар бірнеше сағат ішінде екінші жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 12 мамыр күні астана уақытымен 11:38-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 41.620, шығыс бойлық 74.950. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 239 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Есептік шамадағы сейсмикалық дүмпудің сезілу деңгейі – сезілмейді», – делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дүйсенбі күнгі хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі жер сілкінісінің эпицентрі де Қырғызстан аумағында, Алматыдан 234 шақырым қашықтықта болған. Ол астана уақытымен 6:33-те тіркелген.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage