Қазақстанда «Болашақ» стипендиаттарының тек 1 мыңдайы ғана өңірлердегі өндірістерде жұмыс атқарады

Күні: 11:23, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы іске асырылып жатқан 21 жылда осы стипендиаттардың бар болғаны 1 мың адамы ғана өңірлердегі өндірісте қызмет атқаруда, деді ҚР білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Нығыметов.  
«Әрине, біз цифрларды айта аламыз. Қазір бізде өңірлерде мыңға тарта болашақшылар жұмыс істеп жатыр. Бұл қыркүйек айындағы мәліметтер. Олардың барлығы негізінен өндірістік секторларда», - деді жұма күні Ғ. Нығыметов ҚазТАГ тілшісіне BARCEF білім конференция-көрмесінде. Оның айтуынша, шетелде оқып келген түлектер елге қайтып келіп, оларға ірі компанияларда жұмысқа орналасуына көмектеседі.  
«Локомотив зауыттарына, машинажасау кешендеріне барып жатқан қарапайым инженерлер бар. Олар 2-3 ай шетелде, айталық Германияда оқып келеді. Жаңа технологияларды игеріп, кәсіпорынға қайта оралады. Бізде стипендиаттар оралып жатыр, келісім-шарт бойынша олар өз өңірлеріне оралуы керек», - деді ол.  
Көрмеде білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еске салғандай, халықаралық «Болашақ» стипендиясы жұмыс атқарған 21 жыл аралықта әлемдік деңгейдегі 7 мыңнан астам маман дайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: