Қазақстанда БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыруға төрт жылда Т210 млрд астам бөлінген

Астана.22 мамыр. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК-2020) бағдарламасын жүзеге асыруға төрт жылда Т210 млрд астам бөлінген, деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов.
«Бағдарлама жүзеге асырылғалы төрт жыл ішінде республикалық бюджеттен Т210,5 млрд. бөлінді. Бұл қаржы ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілерінің 13 мыңын қайта қаржыландыруға,жыл сайын орта есеппен 20 мың кәсіпкерді оқытуға, жыл сайын 10 мың жұмыс орнын құруға, Т3 трлн астам сомаға өнім шығаруға мүмкіндік берді, төленген салық көлемі жыл сайын Т175 млрд құраған», - деп хабарлады Алпысов сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, қаржының басым бөлігі кредит бойынша сыйақы жарнасын субсидиялауға бағытталған.
«Т53 млрд немесе 25% жеткіліксіз инфрақұрылымды фабрика - зауыттарға және шағын және орта бизнестің өндірістік нысандарына тартуға жұмсалған. Қалған бөлігі кредитті кепілдендіруге, грант беруге, кәсіпкерлерді оқытуға және конституциялық қызмет көрсетуге бағытталған. Бағдарлама құралдарына деген сұраныс тәжірибе және бағдарламаның жүзеге асырылуы көрсетіп отырғандай, өте жоғары», - деп атап өтті Алпысов.

adimage