Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда COVID-19 белгісі бар пневмония мен КВИ-ден бір тәулікте сегіз адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«13 наурыз бен 20 қазан аралығында КВИ +: аурушаңдық - 109 623 (өткен тәулікте 115), өлім - 1799 (өткен тәулікте үш); 1 тамыз бен 20 қазан аралығында КВИ-: аурушаңдық - 35980 (өткен тәулікте 15), өлім - 387 (өткен тәулікте бесеу)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 2679 адам коронавирустан емделуді жалғастыруда, оның 125-і балалар.
«Стационарларда 2199 науқас бар, амбулаториялық деңгейде - 480. 83 адамның жағдайы ауыр, 12-і өте ауыр, 8-і желдеткіште (өкпенің жасанды желдетуі - ҚазТАГ)», - делінген хабарламада.
Қазақстанда COVID-19 дертінен, ресми мәліметтер бойынша 105 145 адам жазылған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08