Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) бір тәулікте 1,5 мыңнан астам адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 22 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 173 842 (өткен тәулікте 1430), адам өлімі – 2457 (өткен тәулікте 11); 2020 жылдың 1 тамызы мен 2021 жылдың 22 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 47 211 (өткен тәулікте 96), адам өлімі – 549 (өткен тәулікте 2 адам)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 25 469 адам емделіп жатыр (13 778 – КВИ+ және 11 681 КВИ-), оның ішінде стационарларда 6791 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 18 678 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 291, өте ауыр халде жатқаны – 50, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 39», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 157 597 адам жазылып шыққан.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26