Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны бір тәулікте 7527 адам жұқтырды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) бір тәулікте 7527 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 2 тамызы аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 595 433 (өткен тәулікте 7481), адам өлімі – 6153 (1 тамызда 110); 2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 1 тамыз аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 61 301 (1 тамызда 46), адам өлімі – 3756 (1 тамызда 16 адам)», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 102 839 адам емделіп жатыр (100 145– КВИ+ және 2694 КВИ-), оның ішінде стационарларда 29 138 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 73 701 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 1707, өте ауыр халде жатқаны – 395, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 197», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 489 135 адам жазылып шыққан.

adimage