Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны бір тәулікте 911 адам жұқтырды

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 911 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 15 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 166 146 (өткен тәулікте 835), адам өлімі – 2386 (өткен тәулікте 6); 2020 жылдың 1 тамызы мен 2021 жылдың 15 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 46 666 (өткен тәулікте 76), адам өлімі – 533 (өткен тәулікте 1 адам)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 23 734 адам емделіп жатыр (11 922 – КВИ+ және 11 812 КВИ-), оның ішінде стационарларда 6142 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 17 592 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 285, өте ауыр халде жатқаны – 76, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 47», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 151 838 адам жазылып шыққан.

adimage