Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты

Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 19 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 170 098 (өткен тәулікте 999), адам өлімі – 2423 (өткен тәулікте 7); 2020 жылдың 1 тамызы мен 2021 жылдың 19 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 46 866 (өткен тәулікте 18), адам өлімі – 542 (өткен тәулікте 2 адам)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 24 894 адам емделіп жатыр (13 226 – КВИ+ және 11 668 КВИ-), оның ішінде стационарларда 6485 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 18 409 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 312, өте ауыр халде жатқаны – 61, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 49», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 154 449 адам жазылып шыққан.

adimage