Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны жұқтырғандар саны бір тәулікте 1252 адамнан асты

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) жұқтырғандар саны 1252 адамнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 20 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 171232 (өткен тәулікте 1134), адам өлімі – 2431 (өткен тәулікте 8); 2020 жылдың 1 тамызы мен 2021 жылдың 20 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 46 984 (өткен тәулікте 118), адам өлімі – 545 (өткен тәулікте 3 адам)», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 25 038 адам емделіп жатыр (13 404 – КВИ+ және 11 643 КВИ-), оның ішінде стационарларда 6522 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 18 516 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 307, өте ауыр халде жатқаны – 61, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 34», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 155 397 адам жазылып шыққан.

adimage