Қазақстанда COVID-19 бен КВИ-пневмонияны 1-2 желтоқсан аралығында 738 адам жұқтырған

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 бен КВИ-пневмонияны 1-2 желтоқсан аралығында 738 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 2 желтоқсаны аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 973 769 (өткен тәулікте 724), адам өлімі – 12 734 (1 желтоқсанда 18); 2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 1 желтоқсаны аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 82 748 (1 желтоқсанда 18), адам өлімі – 5161 (1 желтоқсанда 6 адам)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 24 884 адам емделіп жатыр (21 469– КВИ+ және 3 415 КВИ-), оның ішінде стационарларда 5199 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 19685 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 373, өте ауыр халде жатқаны – 93, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 55», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 939 566 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 8 759 935 адам алған, екінші құрамын – 8 141 461.

adimage