Қазақстанда COVID-19 індетінің өсу қарқыны сақталып отыр – денсаулық сақтаумині

Астана. 19 қаңтар. КазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекция індетінің өсу қарқыны сақталып отыр, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Республикада қарашадан бастап КВИ ауруының өсуі байқалып отыр. Қарашада қазан айымен салыстырғанда ауру 4,5 есе өскен, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе өскен, ал қаңтарда тұрақты өсу сақталып отыр», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол түсіндіргендей, сақталып отырған қарқын «халықтың желтоқсан мен қаңтар айларында мерекелер кезінде барлық профилактикалық шараларды сақтамауынан» орын алған.
«Мәселен, қаңтардың 19 күнінде КВИ жұқтырудың 14 625 дерегі тіркелген. Шығыс Қазақстан облысынан басқа өңірлердің барлығында өсу байқалады. 2021 жылдың 19 қаңтарында инфекциялық және жан сақтау палаталарындағы кереуеттердің толымдылығы сәйкесінше, 32% және 23%», - деді Цой.

adimage