Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың 36-ның жағдайы өте ауыр, 41-і ӨЖЖ аппаратына қосылған

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың 36-ның жағдайы ауыр, 41-і өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен.
«170 адамның жағдайы ауыр, 36-ның жағдайы өте ауыр, 41-і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда коронавирусты инфекциядан 25 912 адам емделіп жатыр, олардың 139-ы бала.
«Стационарларда 5507 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 20 405», - делінген хабарда.

adimage