Қазақстанда демалыс күндері астрономиялық жазға сәйкес ауа райы күтіледі

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс күндері астрономиялық жазға сәйкес ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр. Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды. Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі», - делінген жұмада таратылған 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамында.

adimage