Қазақстанда демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының үлкен бөлігі бұрыңғыдай Сібір антициклонының ықпалында болса да, тропосферадағы ауа ағындары өз бағыттарын солтүстіктен батысқа ауыстыра бастады. Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасының көтерілуі болжанады», - делінген 8-10 желтоқсанға арналған жұмадағы ауа райы болжамында.  
Орталық Азия бойынша болжау аралығында Жерорта теңізінің шығысынан циклондардың жылжуы, ал олармен байланысты атмосфералық фронттар республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ әкелетін болады.
«Сондай-ақ республиканың батысында атмосфералық фронттармен жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ күтіледі және Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда, температураның төмендеуі байқалатын болады», - деді синоптиктер.

adimage