Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс күндері тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«04 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде синоптикалық жағдайды антициклон жотасы анықтайды — жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлердің ауа-райына оңтүстік циклон әсер етеді: жаңбыр, шаңды дауылдармен, желдің күшеюі болжанады», - делінген 4-6 желтоқсанға арналған жұма күні таратылған ауа райы сипатында.
05-06 желтоқсанда Республиканың көптеген облыстарында солтүстік-батыс циклонның қуысымен байланысты, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі.
«Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, солтүстік жартысында бұрқасын болады», - деді синоптиктер.
Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз-3 жылу, күндіз 3 аяз-5 жылу, солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді — түнде 6 аяз-3 жылудан 3-11 аязға дейін, күндіз 0-8 аяз, солтүстікте температура төмендейді — түнде 5-13-тен 10-18 аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 аязға дейін, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы ауытқыйды — түнде 5-13-тен 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 аяз-7 жылу, күндіз 2-12 жылу.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34