Астана. 14 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында күтіледі. Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады», - делінген 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамында.
Шымкент пен тағы үш облыста алдағы үш күнге дауылды ескерту жарияланды.
«15 маусымда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. 14 маусымда күннің екінші жартысында, 15 маусымда кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, 15 маусымда екпіні 23 м/с күтіледі», - деп ескертті «Қазгидрометте».
Шымкент қ.: 15 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 15 маусымда таңертең және күндіз найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«15 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген дауылды ескертуде.
15 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
«Өскемен қ.: 15 маусымда найзағай, бұршак күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 15 маусымда найзағай, бұршак күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді», - деді синоптиктер.
Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауады
