Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын болады, аздап күн салқындайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Орталық Азиядан ауысып келе жатқан белсенді циклон сенбі күні Қазақстанның орталық аудандарына, ал күндіз республиканың шығысына қарай жылжиды. Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, дымқыл қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, күшті екпінді жел тұрады. Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Жексенбі күні кей жерлерде күшті боран соғады, күртік қар мен күшті жел тұрады. Циклонның артынан Еділ өзені бойындағы аймақтардан антициклон бізге қарай ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады», - делінген жұма күні таратылған 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәннен 3...6°С жоғары болады.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34