Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп рентабельділігі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда екі есе төмен – Ұлттық банк

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп рентабельділігі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда екі есе төмен, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылдың 2-тоқсанында нақты сектор бойынша сату рентабельділігі төмен кәсіпорындар үлесі 20,3%-дан 21,4%-ға дейін артты, орташа және жоғары сату рентабельді кәсіпорындар үлесі 40%-ға және 38,3%-ға дейін, сәйкесінше жоғарылады. Кен өндіру өнеркәсібіндегі орташа сату рентабельділік көрсеткіші өңдеу өнеркәсібіне қарағанда әлдеқайда жоғарырақ (46,1% және 21,3%, сәйкесінше)», - делінген ҚР Ұлттық банкі сайтында орналастырылған 2019 жылдың ІІ тоқсанының Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына пікіртерім нәтижелерінің конъюнктуралық шолуында. 
Қаржылық реттеуші ақпарынша, 2019 жылдың 2-тоқсанында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі әрқалай болды. Негізгі құралдарды қаржыландыру бойынша инвестициялық белсенділік артып, ал айналым қаражатын қаржыландырдыру төмендеді. Кәсіпорындардың көпшілігі негізгі құралдар мен айналым құралдарын меншікті қаражат есебінен қаржыландырады (64,4% және 79,9%, сәйкесінше). Банк несиелерін негізгі құралды қаржыландыру мақсатында 5,6% кәсіпорын, ал айналым қаражатын қаржыландыру мақсатында 14,9% кәсіпорын пайдаланды. Кәсіпорындардың қаржыландыру мүмкіндігін шектейтін негізгі факторлар болып қаржы-қаражаттың жеткіліксіздігі (кәсіпорындардың 29%-ы үшін) және өзге кәсіпорындар тарапынан жоғары бәсекелестік (кәсіпорындардың 22,5%-ы үшін) табылады.
Шолуда атап өтілгендей, 2019 жылдың 2-тоқсанында өндіріс көлемін және қызметкерлер санын төмендетпеген кәсіпорындар үлесі жоғарылады немесе өзгерген жоқ (68,6% -дан 65,7%, сәйкесінше). Еңбек өнімділігі төмендемеген кәсіпорындар үлесі азайды (71,3%-дан 70,8% дейін).

adimage