Қазақстанда еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы көлемі өсті

Күні: 18:37, 03-01-2019.

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы көлемі өсті, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты», - деп хабарлады бейсенбіде министрліктен.
Ведомствода атап өткендей, бұл 88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.
«Осы орайда еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі 15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы 20,6 мыңнан 21,7 мың теңгеге дейін өсті», - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Еске салсақ, ҚазТАГ ХАА 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы көлемінің 5% өсетіндегі туралы 28 қыркүйекте хабарлаған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: