Қазақстанда еңбекке жарамдылығын жоғалтқан және асыраушысынан айырылған жағдайға МӘСҚ әлеуметтік төлемі өсті

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда еңбекке жарамдылығын жоғалтқан және асыраушысынан айырылған жағдайға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) әлеуметтік төлемі өсті.
ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке жарамдылығын жоғалтқан және асыраушысынан айырылған жағдайға 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған МӘСҚ әлеуметтік төлем мөлшері қолға беріліп келген әлеуметтік төлем мөлшерінен 5% өсті.

adimage