Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері қазан айында 0,4%-ға ұлғайған

Күні: 16:19, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері 2014 жылдың қазан айында Т20 395 құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 0,4%-ға аз, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарында.
Статмәліметтерге сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормаларынан есептеп шығарылатын жан басына шаққандағы  орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі биылдың қазанында өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ға ұлғайған, өткен жылдың қазанымен салыстырғанда – 9,4%-ға.
Оның құрылымында ет пен балық сатып алуға деген шығын үлесі 20,7%-ды алды, сүт, майлы өнімдер мен жұмыртқалар - 15,1%-ды, жеміс-жидектер мен көкөністер - 15%, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7,2%, шекер, шәй және дәмдеуіштер - 2%.


Жаңалықтармен бөлісу: