Қазақстанда екпе алғанына қарамастан қызылшамен ауыру жағдайлары тіркелуде

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда екпе алғанына қарамастан қызылшамен ауыру жағдайлары тіркелуде, деді ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«Сәуірден бастап кей жағдайларда неге иммундық қорғаныс жойылуда? Себебі, біз ғылыми тексеру жүргіздік, яғни сол вирусты тексердік, сонда биыл біздің аумаққа екі серотиптің кіріп кеткенін анықтадық. Олар осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында ешқашан болмаған. Бұл «Кабул» және «Дублин» вирустары. Яғни біздің ағза ол вируспен бұрын ешқашан кездесіп көрмеген және ағзамыз кей жағдайда одан қорғана алмай қалады. Сол себепті бәріне екпе жасатып жатырмыз. Екпе жасалғандардың көбі де ауырып қалып жатыр. Себебі, бұл жаңа вирустар адамның иммунды қорғанысын бұзып кіреді», - деді Бекшин жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Бас санитарлық дәрігер мәлімдегендей, қызылшаға қарсы екпе алғандар қатты ауырмайды, десек те ауырады.


adimage