Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Жаңадан үйлер салып жатқанда олардың бірінші қабатына емханалар мен балабақшалар орналастыру керек, деп санайды ҚР премьер министрі Бақытжан Сағынтаев.
«Бірінші кезекте жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінші қабаты тұрғындарға барынша жақын болуы керек, ыңғайлы емханалар салу (керек –ҚазТАГ). Және осы шаралардың барлығы, мен ойлаймын, барлық облыста жүргізілуі керек (…). Асқар Ұзақбайұлы (Мамин, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚазТАГ), үйлердің жобалары жасалып жатқанда бірінші кезекте олардың бірінші қабаттарында балалар бақшасы мен емханалар орналастыру мәселесін қарау керек», - деді Б.Сағынтаев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұл ретте ол нақтылағандай, Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдарының «дамыған желісі» жасалып жатқанмен, «халық бұрынғысынша жақсы сападағы медициналық көмекті ала алмай келеді».
«Әсіресе ауылдық елді мекенде. Барлық негізгі себептері түсінікті, министр ол туралы жаңа айтты. Сондықтан медициналық көмек сапасын жақсарту шараларын толығымен қолдаймыз. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірге аталмыш шаралардың тіимді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапырамын», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Қазақстанда емханалар мен балабақшаларды жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінші қабатына орналастыру ұсынылуда
