Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда энергоменеджмент жүйесін жақсарту бойынша ISO 50001 халықаралық стандарты енгізілуде, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов.
“Бізде осының өзінде тиісті жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда, энергоменеджмент бойынша. Көптеген кәсіпорындар (ендіруге – ҚазТАГ) кіріскен немесе бұл жүйені енгізіп қойған», - деді Ғ. Дұғалов бейсенбі күні ІХ халықаралық «Сапа – іскерлік жетілгендіктің, көшбасшылық пен жаңашылдықтың негізі» форумда.
Мұнымен қатар Ғ. Дұғалов энергоменеджмент стандартын енгізумен айналасып жатқан қазақстандық кәсіпорындардың санын атамады.
Комитет мәліметінше, энергоменеджмент стандартын енгізу энергоаудит жүргізуіді және өндірістің энергошығынды нүктелерін анықтауды, сондай-ақ энергосыйымдылықтың төмендеуі мен энергия тұтынуды оңтайландыру шараларын қарастырады.
«Персоналды сертификаттау бойынша – жұмыс бастапқы кезеңде. Бізде тек 2 ұйым аккредиттелген – персонал сертификатын өткізетіндер. Алдағы уақытта бізге басқа ұйымдарды да аккредиттеу керек болады, өйткені біздің экономиканың халықаралық деңгейлі мамандарға деген қажеттілігі өте зор, әсіресе техникалық сарапшыларға деген», - деп толықтырды ол.
Ғ. Дұғаловтың айтуынша, персоналды сертификациялау 2 кезеңнен тұрады. Бірінші – білім алу, екіншісі – аккредиттеу органында біліктілігіңді растау.
«(Стандартты енгізу – ҚазТАГ) бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Тиісті курстар болуы тиіс», - деп түсіндірді ол.
Инвестициялар мен даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 4 мыңнан аса кәсіпорын ISO 9000 (менеджмент жүйесіне ұйымдар мен кәсіпорындардың сапасы талаптарын сипаттайтын халықаралық стандарттар сериясы) бен ISO 14000 (экологиялық менеджмент жүйесін құру бойынша халықаралық стандарттар сериясы) стандарттарын енгізген.
Форум Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған. Бұл іс-шара жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде қараша айының әрбір екінші бейсенбісінде аталып өтіледі. Алғаш рет әлем жұртшылығы бұл күнді 1989 жылы атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43