Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды, деп хабарлады ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT).
«Қазақстандық интернет-сегментке талдау жасау барысында Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сатылым ірі қалалардағыдай (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл және т.б.) оларға жақын ораналасқан елдімекендерге де таратылған (Зайсан, Зыряновск, Сарань, Лисаковск және т.б)», - делінген хабарда
Мысалы, қызмет ақпарынша косметикалық заттар сататын интернет-дүкеннің бірі есірткіні де сатқан.
«Сонымен қатар Telegram мессенджерінде жабық топтар да бар болып шықты, оларға тек генерацияланған сілтеме арқылы ғана қосыла аласыз. KZ-CERT пен құзырлы органдардың бірлескен жұмысының арқасында аталмыш интернет—ресурстар бүгінгі таңда қол жетімсіз», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Оқу-ағарту министрі қабылдады
13 Қыркүйек 2024, 17:00 -
Қазақстанның ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым жасалғанын жоққа шығарды
13 Қыркүйек 2024, 16:51 -
Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді
13 Қыркүйек 2024, 16:40 -
Елімізде тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалды
13 Қыркүйек 2024, 16:26