Қазақстанда есірткі сату және жеткізумен айналысатын 50-ден астам сайт анықталды

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда есірткі сату және жеткізумен айналысатын 50-ден астам сайт анықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT).
«Ғаламтор сегментінде 50-ден астам интернет-ресурсы ашық қолжетімділікте болған, ол жерде кез келген адам есірткі затына тапсырыс беріп, оларды кедергісіз ала алған. Интернеттің қазақстандық сегментіне талдау жасау барысында KZ-CERT қызметінің сарапшылары kz. домендік аумағында тіркелмеген, бірақ қазақстандықтарға «тапсырыстарын» жеткізіп беру қызметін көрсетіп келген интернет-ресурстарды анықтаған», - делінген хабарда.
Оның үстіне, атап өтілгендей, жеткізілімімен қоса сатып алу мүмкіндігі бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылған.
«Бірқатар интернет-ресурстар өңіріне қарай сомасы көрсетіле отырып, валютаны айырбастауды (теңге, рубль, АҚШ доллары) жүргізген. Сонымен қатар кей интернет-ресурстарда ары қарай тарату үшін көтерме сатып алу мүмкіндігі ұсынылған. KZ-CERT пен құзырлы органдардың біріккен жұмысының арқасында аталмыш интернет ресурстар бүгінгі таңда қол жетімсіз», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 26 шілдеде ҚазТАГ ХАА, KZ-CERT қызметінің есірткі заттарын тарататын 46 интернет ресурсты анықтағанын хабарлаған еді.

adimage