Қазақстанда ет өндірісі 2019 жылдың қаңтарында 8% артты

Күні: 18:31, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанда ет өндірісі 2019 жылдың қаңтарында 21,833 мың тоннаны құрап, 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 7,9% көп болды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қаңтарында өндірілді: 42,928 мың тонна сүт (+1,7%), 314,634 мың тонна ұн (-3,4%), 28,205 мың тонна қант (-32,5%), 6,214 мың тонна жарма (+15,7%).


Жаңалықтармен бөлісу: