Қазақстанда ет өндірісі қаңтарда 0,9% артты

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанда ет өндірісі қаңтарда 0,9% көп болды, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
«Қазақстанда ет өндірісі 2020 жылдың қаңтарында 24 мың тоннаны құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9% көп болды», - делінген есепте. Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтарында 45 мың тонна сүт (+3,1%), 249 мың тонна ұн (-10,1%), 253 мың тонна қант (-9,4%), 5,7 мың тонна жарма (-13,8%) өндірілген.

adimage