Қазақстанда еттің ең жоғары бағасы Павлодарда байқалуда

Күні: 17:28, 19-09-2018.

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда еттің ең жоғары бағасы Павлодарда байқалуда, бұған қыркүйектің ортасында агенттік тілшілері жүргізген баға мониторингі дәлел.  
Сонымен, 1 кг сиыр еті Павлодарда Т2,1 мыңнан Т3 мың аралығында, сүйегі бар еттер Т1,7 мыңнан Т1,85 мың  аралығында, орташа баға сәйкесінше, Т2,643 мың және Т1,75 мың.
Алматы Қазақстандағы ең қымбат қалалардың бірі болып қалып отыр және біздің бағалар рейтингінде 1 кг ет бағасы Т 2,533 мың және сүйегі бар ет бағасы Т1,816 мың деңгейімен екінші орында. Үштікті Байқоңыр аяқтап тұр: қаладағы желілік сауданың дамымағандығы ол жақта етті тек базарда ғана сатып алуға болатынын көрсетті. 1 кг еттің бағасы  Т2,5 мың
Ал Астанада еттің бағасы кей өңірлерден арзан болып шықты, мәселен Қазақстанның астанасындағы 1 кг еттің бағасы   Т1,8-2,6 мың, сүйегі бар еттің бағасы   – Т1,6-1,75 мың.
Ал Өскеменнің етті жақсы көретін тұрғындары оны Т1,667 мыңнан, сүйегі бар етті Т12,2 мыңнан сатып ала алады, бұл республика бойынша ең арзан баға.


Жаңалықтармен бөлісу: