Петропавл. 1 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда ежелгі ботаникалық бақтардың бірі қайта жөндеуден кейін ашылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Жалпы бюджеті Т200 млн құрады, оны екіге бөлді: аумақты абаттандыру және сырлау – Т90 млн, қалғаны – желдеткіш жүйесі мен шатырын жөндеуге», - деді бақ директоры Артур Рязапов дүйсенбі күні нысанның ашылу салтанатында.
Ол хабарлағандай, жөндеу жұмыстары 2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 16 желтоқсаны аралығында жүргізілген, ал көктем келісімен мердігер аумақты қалпына келтірді.
«15 күнде олар біз төрт айда жасайтын жұмысты жасап тастады», - деді Рязапов.
Елордалық мердігер-компания «Шатыр груп» ЖШС басшысы – Асылбек Бағанов кәсіпорын екі жыл бойы сервистік қызмет көрсетіп, ақау туындаған жағдайда оларды жоюмен айналысатын болатынын мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Ботаникалық бақтың Петропавлдағы негізгі туристік нысандардың бірі екенін атап өтті.
Бақ директоры Артур Рязаповтың айтуынша, Ботаникалық бақтың 1912 жылы іргесі қаланған, ол - Қазақстандағы ежелгі бақтардың бірі. Бұл жердегі ең алғашқы өсімдік Санкт-Петербор Ботаникалық бағынан әкелінген асыл лавр (благородный лавр).
«Бүгінде мұнда ашық және жабық топырақта шамамен 2 мыңға жуық өсімдік түрі, соның ішінде пальма, орхидея, лимон, агава, жасмин және басқа да әлемнің әр жерінен әкелінген экзотикалық өсімдіктер өседі. Ең үлкен пальмаға 240 жыл болған», - деді Рязапов.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02