Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-шілдеде 7,7%-ға артты

Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі қаңтар-шілдеде 1,3 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға көп, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 7 айда жайпақ прокат өндірісі 1,3 млн тонна (-26%), тазартылмаған қорғасын 79,5 мың тонна (-10,3%), мырыш – 192,3 мың тонна (+3,3%), тазартылған мыс – 270,1 мың тонна (+13,4%) құрады.
Темір кенін өндіру 7 айда 2018 жылғы кезеңге қарағанда өщгермеді және 24,6 млн тоннаны құрады.

adimage