Қазақстанда фильмдердің мемлекеттік қоры анықталды

Күні: 10:25, 07-08-2019.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда фильмдердің мемлекеттік қоры анықталды, делінген үкімет қаулысында.
«Фильмдердің сақталуын жүзеге асыратын фильмдердің мемлекеттік қоры болып ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазу мұрағаты» РМБ анықталды», - делінген қаулыда.
Сонымен қатар қаулы арқылы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы» РМБ және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазу мұрағатының штаттық санына да өзгеріс енгізілді. Атап айтсақ, ұлттық кітапханада бір қызметшіге азайды (141-ден 140 адамға), ал мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатында бір адамға көбейді (27-ден 28-ге).


Жаңалықтармен бөлісу: