Қазақстанда фирмалардың төрттен бірінің дебиторлық және кредитолық қарыздарының мерзімі 90 күннен асып кеткен

Күні: 17:59, 21-08-2019.

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда фирмалардың төрттен бірінің дебиторлық және кредитолық қарыздарының мерзімі 90 күннен асып кеткен, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Банк секторынан тыс, яғни жеткізушілермен, мердігерлермен, тапсырыс берушілермен, сатып алушылармен және т.с. өзара есеп айырысуға байланысты мерзімі өткен берешекке қатысты ахуал құрылыстан басқа қарастырылып отырған салалардың бәрінде жақсарды. Экономика бойынша мерзімі өткен (90 күннен астам) дебиторлық берешегі бар кәсіпорындар үлесі 27,4%, ал мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар кәсіпорындар үлесі 21,3%-ды құрады», - делінген сәрсенбіде таратылған Ұлттық банктің салалық конъюнктуралық шолуында.
Дебиторлық берешегі бар кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс саласында (33,9%), ал көлік және қойма саласында айтарлықтай аз (24,9%). .
«Мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар кәсіпорындар үлесі құрылыс және тау-кен өндіру өнеркәсібінде басқа салаларға қарағанда жоғарырақ (30,2% және 28,6%, сәйкесінше). Мерзімі өткен дебиторлық берешегі бар кәсіпорындардың үлесі қарастырылып отырған салалардың бәрінде мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар кәсіпорындарға қарағанда жоғары», - деп хабарлады Ұлттық банктен.


Жаңалықтармен бөлісу: