Қазақстанда газдандыру деңгейі 49,7% жетті, 9,6 млн адамға газ қолжетімді – Бозымбаев

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстанда газдандыру деңгейі 49,7% жетті, 9,6 млн адамға газ қолжетімді, деп мәлімдеді ҚР энергомині баспасөз қызметінен.
«Өткен 7 айдың қорытындысы бойынша өндірілген газ көлемі 33,1 млрд. текше м, немесе жоспардың 101,8%-ы, тауарлы газ өндірісі – 19,6 млрд текше м, немесе жоспардың 104,8%. Ішкі нарықта газдың тұрақты бағасы қамтамасыз етілген және негізсіз өсімге рұқсат етілмейді. Елді газдандыру деңгейі 49,7% жетті, шамамен 9 млн адамның газға қолы жетімді», - деді сәрсенбіде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Сонымен қатар, кездесу барысында министр мұнай-химия саласына назар аударды, ондағы жұмыстар туралы баяндады.
«Битум өндірісі 464 мың тонна, немесе жоспардың 103%. Отандық мұнай-химия саласындағы маңызды оқиға - Атырау МӨЗ-дағы хошиісті көмірсутектердің (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндірісінің басталуы. І жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутектер өндірілген, олар экспортқа жөнелтілген (Ресейге). 2019 жылға арналған жоспар – 180 мың тонна», - деп атап өтті энергомині басшысы.

adimage