Қазақстанда І тоқсанда орташа айлық жалақы Т230 829 құрады – ҰСБ

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда І тоқсанда бір жұмысшының орташа айлық жалақысы Т230 829 құрады, деп хабарлады стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан.
«Қазақстанда 2021 жылдың І тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмысшыларын қоспағанда, бір жұмысшының орташа айлық жалақысы Т230 829 құрады», - деді статистика мамандары.
2021 жылдың қаңтар-наурызында атаулы жалақы индексі ҰСБ ақпарынша, 15,2%-ға, нақты жалақы – 7,4% өсті.

adimage