Қазақстанда ИДБ мен ЕҚДБ бірлесе отырып Т100 млрд сомаға суармалы жерлер бойынша жобаларды жүзеге асырады

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда Ислам даму банкі (ИДБ) мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) бірлесе отырып Т100 млрд сомаға суармалы жерлер бойынша жобаларды жүзеге асырады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ислам даму банкімен (ИДБ) және Еуропалық Қайта құру мен даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесе отырып 128 мың га-ға(Алматы облысында – 35,4 мың га, Ақтөбе облысында – 16,0 мың га, Жамбыл – 51,0 мың га, Түркістан облысында – 25,7 мың га) талап етілетін суармалы жерлердің гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру үшін 100 млрд. теңгеден астам сомаға жобалар жүзеге асырылуда», - делінген жұмадағы АШМ хабарында.
Ведомствода нақтыланғандай, 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 2018-2027 жылдарға арналған суармалы егін шаруашылығын дамытуға арналған инвестициялық сектор үшін тұжырымдама жасалады.
«Өз кезегінде салалық бағдарлама 2021 жылға дейін 610 мың га суармалы жерді тартуды, соның ішінде ағымдағы жылы 65 мың га. Оның ішінде 41,9 млн. га суармалы жер енгізілді (оның ішінде Алматы облысы бойынша – 11,6 мың га, Ақтөбе облысы бойынша – 5,2 мың га, Жамбыл облысы бойынша – 17,4 мың га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 2,7 мың га). Қалған жерлер жыл соңына дейін енгізілетін болады», - деді АШМ-дан.
Еске салсақ, 6 желтоқсанда ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев жаңа суармалы жерлерді енгізу үшін Қазақстанға Т1 триллион астам қажет деп мәлімдеген еді.

adimage