Қазақстанда ІІ тоқсанда электронды алаңнан тыс сатылатын газдың жоспарланып отырған шекті бағасы белгілі болды

Күні: 10:51, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда ІІ тоқсанда электронды алаң сыртында сатылатын газдың жоспарланып отырған шекті бағасы белгілі болды, делінген «Электронды сауда алаңынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» энергетика министрлігінің бұйрығы жобасында.
«Электронды сауда алаңынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2019 жылдың 1 сәуірі мен 30 шілдесі аралығына қосымша құн салығын есептемегенде тоннасына 38 701,67 теңге көлемінде бекітілсін», - делінген құжатта.
Бұйрық жобасы 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


Жаңалықтармен бөлісу: