Қазақстанда ІІІ тоқсанда уран өндірісі 5,7 мың тонна болды

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – 2014 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 5,7 мың тонна көлемінде уран өндірілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерге толығымен сәйкес келеді, деп көрсетілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның сейсенбі күні таратқан хабарында.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қоспаларын, сирек металдардың, атом энергетикалық станцияларға арналған ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар мен екі мақсатты материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің басты бағыттары: геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклының өндірісі, реактор құрылысы, атом электр станциялары, конструкциялық материалдардың өндірісі, энергетика.

adimage