Қазақстанда инфляция қаңтар-наурызда 2,3% құрады

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда инфляция қаңтар-наурызда 2,3% құрады, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
«Жыл басынан бері көкөніс бағасы 21,1%, ұнтақ қант –6,7%, жарма – 4,8%, сары май – 4%, жеміс-жидек – 3,9%, қой еті – 3,4%, макарон өнімдері – 3,3%, ұн, жылқы еті – 3,1%, мұздатылған балық, сиыр еті – 2,9%, ет өнімдері – 2,7%, пастерленген сүт – 2,5%, ірімшік – 2,4%, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері – 2,2%, мәйек ірімшігі – 2,1%, шәй – 1,7%, шошқа еті – 1,6%, бөлке және ұн өнімдері – 1,5% өскен. Темекі өнімдері - 4%, минералды және ауыз су – 2,3%, салқындатқыш сусындар – 1,5% қымбаттаған», - делінген статкомитеттің сайтындағы жедел ақпарда.
Ал күріш бағасы - 2,4%, жұмыртқа – 0,4% арзандаған.
Ақпарға сәйкес, наурызда 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы - 3,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1,4%, ақылы қызметтер 1,4% қымбаттаған.

adimage